444
Украинаның астанасы Киев қаласында жауынгерлік джиу-джитсу бойынша әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 25 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты.
Қазақстан спортшылары арасында Шымкент қаласы полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының инспекторы, полиция капитаны Ғалымжан Бақытұлы Қатбаев 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 1 орынды иеленді. Айта кетерлігі, ол финалда украиндық спортшымен кездесті.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылатын 29 жасар офицер Ғалымжан Қатбаев 12 жыл бойы жауынгерлік джиу-джитсумен айналысады, салауатты өмір салтын қолдайды, ал бос уақытын отбасы ортасында өткізеді. Ол 4 баланың әкесі, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көзі: Yunews.kz