Ине ханымы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ине ханымы

444

Smiley face

Осы жылдың маусым айында жалғыз басты 47 жастағы әйел Қарлығаш Асанова Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы саябақта болған. Онда 9 маусымда адамдар жиналып, саяси тақырыптарға сөз сөйлеген.

Асанова оларды тыңдауды ұйғарған, алайда полиция қызметкері одан саябақтан шығуды сұраған. Әйел тәртіп сақшыларының өтінішін елеместен, құқық қорғау органдары өкілінің заңды талабына бағынбады. Онымен қоймай, ол бір полицейдің бөксесіне ине тығып алған.

Ақтөбе қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 178-бабы 4-бөлімі б-тармағы бойынша (адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) құқық қорғау органдары өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін оған 50,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салды.


Көзі: Yunews.kz