Жамбыл облысында жыл басынан бері 400-ден астам қызылша оқиғасы тіркелді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жамбыл облысында жыл басынан бері 400-ден астам қызылша оқиғасы тіркелді

444

Smiley face

Жамбыл облысы аумағында ағымдағы жылдың тоғыз айында жұқпалы аурулар, соның ішінде қызылша ауруы деңгейінің төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Жамбыл облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Жамбыл облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков қызылша ауруының көрсеткіштері және осы ауыр жұқпалы аурудың алдын алу шаралары туралы айтып берді. «2019 жылдың 9 айында облыста 431 қызылша оқиғасы тіркелді, бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 37,8 құрайды. Аурушаңдық облыстың барлық аудандарында байқалды. Біздің облысқа қызылша жағдайлары Өзбекстан, Қырғызстан, Америка Құрама Штаттарынан әкелінген. Сондай-ақ, Қазақстанның басқа өңірлерінен - Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан, Түркістан облысынан әкелінген жағдайлар тіркелген. Барлығы 45 қызылша ауруы, одан әрі облыс аймақтары бойынша егілмеген тұрғындар арасында таралуы байқалды», - деп түсіндірді Берік Жарқынбеков.

Жамбыл облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының айтуынша, биылғы жылы Жамбыл өңірінде қызылшаны тіркеу осы жылдың қаңтарынан басталды. Апта сайын қызылша ауруының орташа алты жағдайы тіркелді. Аурушаңдықтың жоғары кезеңінде бір апта ішінде 44-ке дейін еуру тіркелген.

«Қызылша ауруының алдын алу және оның алдын алу үшін белгілі бір шаралар қабылданды, - деді Берік Жарқынбеков. - Вакцинация жоспарлы түрде жүргізілді. Бір жастағы 16 328 бала және алты жастағы 11 799 бала егілді. Сондай-ақ вакцинация жоспардан тыс түрде қосымша иммундау түрінде жүргізілді. Бұл тоғыз-он айлық балаларды вакцинациялау, 20-29 жас аралығындағы ересектерді, сондай-ақ ауру ошақтарындағы байланыста болған адамдарды және медицина қызметкерлерін вакцинациялау».

Жамбыл облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы атап өткендей, аймақта барлығы 166 мыңнан астам азамат егілген. «Осы шаралардың нәтижесінде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, аталмыш инфекция деңгейінің бірен-саран жағдайға дейін төмендегені байқалады» деді ол.


Көзі: Yunews.kz