Ақтөбе облысында тағы бір «Алтын адам» табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбе облысында тағы бір «Алтын адам» табылды

444

Smiley face

Алтын адам - сармат тайпасының көсемі. Ол Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Тасқопа ауылына жақын аумақта екі метр тереңдікте жерленген. Бұл жерде Әлкей Марғұлан атындағы археология институты ғалымдарының қатысуымен ұзақ уақыт бойы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Жұма, 25 қазан күні археологтарды таңқаларлық олжа күтіп тұрды. Бұл туралыАқтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өзінің әлеуметтік желіегі парақшасында хабарлады.

«Темір ауданынан қуанышты хабар келді! Өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасының тапсырмасына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін археологтардан жақсы жаңалық келді: Темір ауданының Тасқопа елді мекені маңында біздің дәуірімізге дейін V- ғасырда Алтын киімде жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды» деп жазды аймақ басшысы.

Оңдасын Оразалиннің айтуынша, бұл осы өңірде табылған археологиялық құндылықтардың бір бөлігі ғана. Мұндай тарихи жәдігерлер Қазақстанның әлемдегі беделін одан әрі арттыра түсетін болады.

Аса құнды ғылыми табыстың сырын шешумен танымал ғалымдар айналысуда.


Көзі: Yunews.kz