Маңғыстау тұрғынынан қару-жарақ арсеналы табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау тұрғынынан қару-жарақ арсеналы табылды

444

Smiley face

Полиция қызметкерлері оқ-дәрі сату кезінде Маңғыстау облысының тұрғынын ұстады. Ұсталған азаматтың тұрғылықты жері анықталғаннан кейін, Маңғыстау облысы ІІД-нің қызметкерлері сол жерге тінтумен барды.

«Тінту барысында көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ оған қосалқы бөлшектер табылды және тәркіленді. Бұл факт ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері тәркіленген қарулардың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.


Көзі: Yunews.kz