Өскеменде жолаушы қыз такси жүргізушісін тонап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскеменде жолаушы қыз такси жүргізушісін тонап кетті

444

Smiley face

Қыз жүргізушіден қараңғыда түсіріп алған кілтін табу үшін ұялы телефонын сұраған. Содан кейін телефонды алып, қашып кеткен.

Жақында Өскемен қаласының полиция басқармасына таксиші өтінішпен жүгінді. Ол алаяқ қыз өзінің ұялы телефонын алып кеткенін мәлімдеді.

«Анықталғандай, таксист қызды мекенжайға алып келіп, ол жүргізушіден ұялы телефонын салонда жарық беру үшін сұраған. Ер адам осылай алданып, телефонсыз қалды»,-деп хабарлады Өскемен қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының 23 жасар тұрғыны ұсталды. Алаяқ қыз өз кінәсін мойындады, ұрланған телефон тәркіленді. Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: Yunews.kz