«Жер Аруы-2019» байқауының жеңімпазы анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Жер Аруы-2019» байқауының жеңімпазы анықталды

444

Smiley face

Пуэрот-Риколық ару Нэллис Пиментель «Жер аруы-2019» атағын жеңіп алды, деп «Жер аруы-2019» атағы Пуэрот-Риколық ару Нэллис Пиментельге берілді!» деп хабарлады Facebook-те тікелей трансляция өткізілген байқаудың жүргізушісі. 21 жастағы жеңімпаз ару – болашақ психология маманы.

«Жер аруы-2019» байқауы - жыл сайын Филиппинде Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен өткізілетін ең ірі сұлулық конкурстарының бірі. Оған әлемнің ең әдемі қыздары қатысады. Байқаудың негізгі идеясы – қоршаған орта мен табиғатты қорғауға назар аудару. Биылғы жылы Қазақстан атынан бұл байқауға 21 жасар алматылық ару қыз Алтынай Әсенова қатысты. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті, Мәскеуде өткен «Miss World Beauty-2017» конкурсының Гран-при және «Супермодель» титулының иегері.

Smiley face

2019 жылғы байқаудың негізгі тақырыбы – гүлдер. Алтынай Әсенова байқауда  Қазақстан отаны болып табылатын қызғалдақ бейнесінде болды.


Көзі: Yunews.kz