Қылмыскерлер киіктің мүйіздерін Қытайға шығарған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қылмыскерлер киіктің мүйіздерін Қытайға шығарған

444

Smiley face

Браконьерлік топтар әрекетінің жолын кесу бойынша шараларды күшейту аясында биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумақтарында ұзақ уақыт бойы ақбөкендерді одан әрі қайта сату, оның мүйіздерін контрабандалық жолмен тасымалдау және әкету үшін заңсыз атуды жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесу бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚР ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Жедел-тергеу тобы тінту барысында 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам дарақ) ақбөкен мүйізін тәркіледі. Мамандардың есептеулері бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен мемлекетке келтірілген залал көлемі 5 млрд.664,6 млн. теңгені құраған.

Тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) және 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолдану) бойынша қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталды. Олардың 9-ы сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.


Көзі: Yunews.kz