Алтын жұлдызды офицерлер - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алтын жұлдызды офицерлер

444

Smiley face

Бірінші офицерлік атақ – погондардағы алтын жұлдыздар әскери қызмет етуге және биікті бағындыруға ұмтылдырады. Ақтөбеде әуе институты курсанттарының оқу бітіру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Шара дәстүр бойынша ҚР Тұңғыш Президенті атындағы қалалық саябақта өтті. ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 104 түлегіне «лейтенант» бірінші офицерлік атағы салтанатты түрде беріліп, жоғары білім туралы дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді. Түлектер қатарында ҰҚШҰ бағдарламасы бойынша ЖОО-да оқыған Қырғызстан мен Тәжікстанның 10 өкілі бар.

Smiley face

Оқу жылдарында әрбір курсанттың оқу бағдарламасына сәйкес майдан, армия немесе әскери-көлік авиациясында 80 сағатқа жуық ұшуды құрайды. Жас офицерлер арасында тек әскери авиация мамандықтарын игеріп қана қоймай, спортта, институттың қоғамдық өмірінде, ғылыми қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген түлектер ерекше атап өтіледі, оқу-материалдық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалды.

Орталық Азиядағы жалғыз әскери әуе институтының түлектері-офицерлері кеңінен сұранысқа ие және Қазақстан Қарулы Күштері қатарында абыройлы қызмет етуде. Бұдан басқа, олар ҰҚК шекара әскерлерінің авиациялық бөлімдерінде және ІІМ арнайы бөлімшелерінде қызмет ете алады.


Көзі: Yunews.kz