Қазақстанның еңбек кітапшалары электронды форматқа ауысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның еңбек кітапшалары электронды форматқа ауысты

444

Smiley face

«Қазақстандықтардың тағы бір құжаты электрондық форматқа өтті. Енді еңбек өтілі туралы ақпаратты «Электрондық үкімет» сайты арқылы алуға болады, деп хабарлайды «Электрондық үкімет» порталының telegram-боты.

Сайтта азаматтардың жеке аккаунттарында «eGov.kz. еңбек қызметі» жаңа бөлімі пайда болды. Қазақстандықтар өздері жасаған еңбек шарттарын онлайн режимінде порталдағы жеке кабинетінде көре алады.

Портал еңбек қызметі туралы қажетті ақпаратты «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алады. Өз кезегінде бұл жүйе еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен деректер алады.

Еңбек қызметі туралы мәліметтерді алудың жалғыз шарты тіркеу, яғни «Электрондық үкімет» сайтында Жеке кабинеттің болуы болып табылады.

Еске саламыз, бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап елімізде мекенжай анықтамаларының күші жойылады: олар мемлекеттік мекемелерге онлайн режимде талап ету бойынша қолжетімді болады. Сол кезде «Азаматтарға арналған үкімет» тағы да 28 құжатты электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр.


Көзі: Yunews.kz