«Қайрат» қостанайлық «Тобылды» жеңді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Қайрат» қостанайлық «Тобылды» жеңді

444

Smiley face

«Қайрат» Премьер-Лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 31-ші турында қостанайлық «Тобылды» жеңді. Кездесу Алматыда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 74-ші минутына дейін бірде-бір команда гол соға алмады. Ақыры алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Георгий Жуков бір гол салды. Негізгі уақыт аяқталғаннан кейін төртінші қосымша минутта Артур Шушеначев есепті еселеді.

31-ші турдан кейін Алексей Шпилевскийдің шәкірттері 65 ұпай жинады. Еске саламыз, Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесуде «Қайрат» елорданың «Астана» командасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.


Көзі: Yunews.kz