«Бурановские бабушки» тобының әнші әжесі қайтыс болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Бурановские бабушки» тобының әнші әжесі қайтыс болды

444

Smiley face

Сенбі күні, 26 қазанда, өзінің 84 жасына екі күн қалғанда, «Бурановские бабушки» музыкалық фольклорлық ұжымының әншісі Наталья Пугачева қайтыс болды. Бұл туралы «Твиттерде» Удмуртия басшысы Александр Бречалов мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол халық сүйіктісінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

2014 жылы Удмуртияда 87 жасында «Бурановские бабушки» тобының әнші әжелерінің бірі Елизавета Зарбатова қайтыс болған еді.

«Бурановские бабушки» — Удмуртияның Малопургин ауданы Бураново ауылынан келген ресейлік музыкалық фольклорлық ұжым. 2012 жылы «Бурановские бабушки» Бакуде өткен «Евровидение» халықаралық ән байқауында Ресейдің атынан өнер көрсетіп, екінші орынға ие болған еді. Сол байқаудан кейін «Бурановские бабушки» тобының әнші әжелері әлем бойынша өте үлкен танымалдыққа ие болған.


Көзі: Yunews.kz