Ақтөбе облысының Ресеймен сыртқы сауда айналымы 586 млн долларды құрады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбе облысының Ресеймен сыртқы сауда айналымы 586 млн долларды құрады

444

Smiley face

Ақтөбе облысының Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдың 6 айында 586 млн долларды құрады. Оның ішінде Ақтөбе мен Орынбор арасындағы сауда көлемі 42 млн долларды құрады. Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті бұрынғысынша үлкен, деп атап өтті Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин РФ Орынбор облысына сапары барысында, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орынбор облысының губернаторы Денис Паслермен кездесу барысында сауда-экономикалық, мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Ресей Ақтөбе облысының негізгі шетелдік сауда әріптесі болып табылады. Екі ел арасында кәсіпкерлік саласында тығыз қарым-қатынас орнатылды. 2019 жылдың 6 айында Ақтөбе облысы мен РФ сыртқы сауда айналымы 586 млн. доллар, Ақтөбе мен Орынбор арасындағы сауда көлемі 42 млн. доллар. Сонымен қатар, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту әлеуеті зор», - деп атап өтті облыс басшысы.

Жиын барысында көршілес өңірлер арасындағы екіжақты мәдени және сауда-экономикалық қарым-қатынастардың даму перспективалары талқыланды. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Бізде шешілмеген мәселелер жоқ, кез келген проблемалар өз шешімін табады. Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік салаларда өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамуда», деп атап өтті облыс әкімі.


Көзі: Yunews.kz