Қанат Ислам WBO белбеуін қорғады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қанат Ислам WBO белбеуін қорғады

444

Smiley face

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокс кеші өтті. Аталған кеште Қанат Ислам намибиялық қарсыласы Уолтер Каутондокваны жеңіп, WBO белбеуін қорғап қалды.

Қазақстандықтар асыға күткен жекпе-жек 10 раундқа созылды. Төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен Қанат Ислам чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 

Қанат Исламға чемпиондық белбеуді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі тапсырды. 

Аталған кештің андеркартында жартылай жеңіл салмақта өзбекстандық Бексұлтан Раушанов пен румыниялық Александр Ионита, бірінші жартылай орташа салмақта Дәулет Дәукенов пен молдовалық Иван Петров, супер ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов пен польшалық Михаил Банбула, бірінші жартылай орташа салмақта Асқар Ерубек пен украиналық Владислав Баранов жұдырықтасты. 

Жекпе-жекте бірінші орташа салмақтағы WBO International белбеуі бәске тігілген еді. 


Көзі: Yunews.kz