Шекарада контрабандалық темекі, тондар мен гаджеттердің ірі партиясы ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шекарада контрабандалық темекі, тондар мен гаджеттердің ірі партиясы ұсталды

444

Smiley face

«Қорғас» кеден бекетінде контрабандалық тауарлардың ірі партиясы ұсталды, деп хабарлайды «Қорғас» кеден бекетінің баспасөз қызметі.

26 қазанда «Қорғас» кеден бекетінде Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына шығу кезінде ҰҚК Шекара қызметінің 2088 әскери бөлімінің қызметкерлері және Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бірлесе отырып, жалпы салмағы 268 килограмм болатын 1408 темекі блоктарын және 13 құндыз тондарды тәркіледі», делінген хабарламада.

Тәркіленген контрабандалық тауарлар арасында 122 килограмм Қытай өндірісінің дәрі-дәрмектері, 18 компьютер мен 48 фитнес білезіктер бар.

«Қазіргі уақытта тауарлардың құны мен барлық жағдайлар анықталуда. Айыпты тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», деп атап өтті баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz