Полицей көпірден өзенге секірген қызды құтқару үшін оның артынан секірген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Полицей көпірден өзенге секірген қызды құтқару үшін оның артынан секірген

444

Smiley face

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 27 қазанда сағат 13.00-де «Динамо» спорт базасына жақын жерде орын алған. «Бірінші болып көмекке полиция қызметкері келді. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді. Олар 1999 жылы туған қызды жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деп атап өтті БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қызды құтқарған полицей көпірге кездейсоқ келген. «Мен жеке көлігіммен көпірден өтіп бара жаттым. Жанымда анам мен қызым болды.  Қыздың көпірден секіргенін машинаның артқы айнасынан байқап қалдым. Мен машинаны тоқтатып, дереу оның артынан суға секірдім. Мен өз борышыымды орындадым. Оны ерлік деп санамаймын», - дейді полиция капитаны.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен жас қыз ауруханаға жатқызылды. Одан жабық бас сүйек-ми жарақаты мен мидың шайқалуы анықталған.


Көзі: Yunews.kz