«Астана» мен «Ақтөбе» командалары кездесуінде Томасов төрт гол салды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Астана» мен «Ақтөбе» командалары кездесуінде Томасов төрт гол салды

444

Smiley face

«Астана» футболшылары Қазақстан Премьер-Лигасының 31-турында «Ақтөбені» жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, алаң иелерінің жеңісімен 5:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздардың құрамында төрт гол соққан Марин Томасов бұл тамаша көрсеткіш үшін небәрі 34 минут жұмсады. Сонымен қатар, төртінші доп ағымдағы маусымда Томасовтың салған 19-шы голы болды. «Астананың» ойыншысы осылайша мергендер көшін бастады. Екінші таймда Серікжан Мужиков матчтың нүктесін қойды. Осы жеңістің арқасында «Астана» 63 ұпай жинады. Команда көшбасшы «Қайраттан» екі ұпай артта келеді. Сонымен қатар, астаналық клубтың қосалқыбір  матчы бар. «Ақтөбе» командасы осы жеңілістен кейін бірінші лигаға түсіп қалды.


Көзі: Yunews.kz