Қасым-Жомарт Тоқаев үш мыңға жуық ақбөкенді өлтірген браконьерлердің қылмыстық тобын заңды қатаң түрде жазалауды тапсырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қасым-Жомарт Тоқаев үш мыңға жуық ақбөкенді өлтірген браконьерлердің қылмыстық тобын заңды қатаң түрде жазалауды тапсырды

444

Smiley face

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ҰҚК қызметкерлері ұстаған браконьерлердің тобын қатаң жазалауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter бетінде жазды.

«Браконьерлер байтақ даламыздың байлығы ақбөкендерді қыруды жалғастыруда. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері кем дегенде 3 мың ақбөкенді өлтірген банда тобын ұстады. Браконьерлерге заңға сәйкес қатаң жаза қолдануы тиіс. Құқық қорғау органдары заңсыз кәсіпке жол бермеуі керек», деп жазды Қ.К.Тоқаев.

Еске саламыз, 25 қазанда ҰҚК ақбөкен мүйізін ҚР-нан Қытайға әкеткен ірі банда тобының жолын кескені белгілі болды. Мамандардың есептеуінше, осы ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен мемлекетке келтірілген шығын 5 млрд 664,6 млн теңгені құраған.


Көзі: Yunews.kz