Нұр-Сұлтан қаласында жатақханада Үндістан жұмысшылары төбелес шығарған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан қаласында жатақханада Үндістан жұмысшылары төбелес шығарған

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан нысанның аумағында, шетелдік жұмысшылардың жатақханасында Үндістан азаматтары болып табылатын жұмысшылар арасында төбелес орын алған, деп хабарлайды елорда ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері анықталғандай, спирттік ішімдіктерді ішу барысында Үндістаннан келген жұмысшылардың арасында төбелес шығып, оның үшеуі дене жарақатын алған. «Есіл» ауданының полиция басқармасына осы оғаш оқиғаға белсене қатысқан 8 шетелдік жұмысшы жеткізілді.

ҚР ҚК «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: Yunews.kz