Түркістан облысында жарты миллион теңгеге өрт гидранттары ұрланды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысында жарты миллион теңгеге өрт гидранттары ұрланды

444

Smiley face

Келес аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне су құралдарын орнату жөніндегі фирмалардың бірінің қызметкері өтініш білдірді. Жәбірленуші мәлім еткендей, белгісіз біреулер құны 42 мың теңге болатын 12 өрт гидрантын және 200 мың теңге болатын екі су ысырмаларын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Түркістан облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы жарты миллионнан астам теңгені құрады. Аталған фактіні ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Үш күннен кейін Келес аудандық полиция басқармасына осы фирманың басшылығынан 400 мың теңгеге жуық өрт сөндіру гидранттарынан тағы да бірнеше ысырмаларды ұрлап кеткендігі туралы өтініш келіп түсті. Бұған тоқтамай, зиянкестер үшінші рет тағы төрт өрт сөндіру гидрантын және бір ысырманы ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 200 мың теңгені құрады.

Осы ұрлықты ашу және күдіктілерді ұстау мақсатында Келес аудандық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Олар қылмыс орнын мұқият тексеріп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алды.

Алынған ақпараттың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілердің ізіне шығып, олардың жеке басын анықтады. Жедел уәкілдер күдіктілердің автокөлігінің нөмірін анықтап, жүргізушіні, содан кейін оның екі сыбайласын ұстады. Олар Сарыағаш, Қазығұрт және Келес аудандарының тұрғындары болып шықты.

Тергеу барысында жас адамдардың біреуі су құралдарын орнатушы болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Сондай-ақ, күдіктілер ұрланған 25 құрылғының көп бөлігін сатып үлгерген. Қалғандары айғақты зат ретінде алынды. Ұсталғандар өз әрекетін толық мойындады. Олардың екеуі тұтқындалды, біреуінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күдіктілердің тағы екі ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта тергеудің жинақталған материалдары сотқа жіберілді.


Көзі: Yunews.kz