Жайықты бірге сақтайық! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жайықты бірге сақтайық!

444

Smiley face

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев РФ-ға жұмыс сапары аясында РФ-дан келген әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Қазақстанның экология министрі ресейлік әріптесі Дмитрий Кобылкинмен және "Росгеология" АҚ Басқарма төрағасы Сергей Горьковпен кездесті.

Кездесуде экология және трансшекаралық өзендер саласындағы бірқатар проблемалық мәселелер көтерілді, оның ішінде Жайық өзені суының азаюы тілге тиек болды. 

"Біздің сарапшылар осы аудандағы экологиялық жағдайдың жай-күйін бағалауға және Жайық өзенін сақтауға бағытталған бағдарламаны одан әрі әзірлеу және іске асыру үшін ғылыми негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік беретін кең ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді", - деп атап өтті М.Мырзағалиев кездесу барысында.

Ол сондай-ақ ресейлік әріптестерін "Жайық (Орал) өзенінің трансшекаралық бассейнін сауықтыру бағдарламасын" әзірлеу мәселесін жеделдетуге шақырды.

Кездесу барысында тараптар Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі комиссияның 2-ші отырысын өткізу туралы ниетін растады.


Көзі: yunews.kz