Павлодар облысы бойынша ПД көші-қон қызметінің қызметкерлерін соттау туралы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодар облысы бойынша ПД көші-қон қызметінің қызметкерлерін соттау туралы

444

Smiley face

Фото adeptlingvo.kz

ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті 2018 жылғы қарашада Павлодар облысы Ақсу қаласы  полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Е. Асаиновтың, сондай-ақ осы бөлімшенің инспекторлары полиция капитаны Д. Алаев пен полиция капитаны С. Баязиттің заңға қайшы әрекеттерінің жолын кесті, олар ТМД елдерінен еңбек мигранттарын тіркеу кезінде жүйелі түрде ақшалай сыйақы алуды ұйымдастырған.

2019 жылғы 26 қыркүйекте Ақсу қалалық сотының үкімімен (2019 жылы 14 қазанда үкім заңды күшіне енді) көрсетілген адамдар ҚР ҚК 394-бабы 2-б. (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру), 361-бабы 1-б. (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 366-бабы 3-б. 1, 2, 4-т. (Пара алу) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырумен әрбіреуіне пара сомасынан отыз бес есе артық мөлшерде, яғни 5 млн. 250 мың теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.


Көзі: yunews.kz