Павлодарда патрульдік электрмобильдер пайда болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодарда патрульдік электрмобильдер пайда болды

444

Smiley face

Павлодар қаласының Орталық жағалауында демалушы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында павлодарлықтардың ең танымал демалыс орындарының бірін патрульдеу үшін құқықтық тәртіп сақшылары электромобильдерді пайдаланатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнында жаз мезгілі кезінде күн сайын бұқаралық іс-шаралар өткізіледі, "Ертіс променадта" шетелдік және отан променадта" шетелдік және отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді, челендж, флешмобтар, түрлі ауқымды акциялар өткізіледі. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметті тиімді атқару мақсатында енді электрмобильдердің мүмкіндіктері пайдаланылатын болады, - деп атап өтті облыстық департаменттің бастығы генерал Амантай Әубәкіров.

Smiley face

Енді полиция департаментінің қарамағында электр жетегі бар 2 жаңа электрмобиль бар.

Бұл экологиялық таза және үнемді көлік, бензинге шығын шықпайды. Қазіргі заманғы электрмобиль төрт адамға есептелген, сондай-ақ оның екі орыны жолаушыларды тасымалдау үшін арналған. Электрмобильдің жылдамдығы 30 км/сағ дейін, қозғалыс қоры 100 км құрайды, ол әдеттегі тоқ қуатымен қуатталады, және электрмобильдер шусыз қозғалады, бұл патрульдеу үшін үлкен мағызы зор.


Көзі: yunews.kz