2021 жылдың аяғына дейін елордада 5G технологиясы енгізіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

2021 жылдың аяғына дейін елордада 5G технологиясы енгізіледі

444

Smiley face

5G ұялы байланыстың тестілік сынақтары Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілді. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Қазақстанда жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес, министрлік Қазақстанда 5G желісін енгізу бойынша жұмыстар атқаруда. Осы орайда, Жол картасы бекітілді. Қазіргі кезде 5G жаңа мобильді байланыс технологиясын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 5G мобильді байланысының тесттік сынағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілді. Сынақтар жақсы нәтиже көрсетті», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 5G технологиясын енгізу үшін тартылатын инвестициялар көлемі қомақты болғандықтан, бірінші кезеңде бұл технологияны енгізу республикалық маңыздағы қалаларда – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте  ұйымдастыру жоспарлануда.

Осылайша, 2021 жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университеті мен ЭКСПО-да, ал 2022 жылы әуежай пен вокзалда, сауда орындары мен алаңдарда 5G технологиясын енгізу жоспарлануда. Одан әрі 2023 жылдан бастап барлық облыс орталықтарында енгізу жұмыстары жүргізіледі.


Көзі: yunews.kz