Ауылдарға қолжетімді интернет - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ауылдарға қолжетімді интернет

444

Smiley face

Фото spros-online.ru

Қазақстан интернет пайдаланушылар саны бойынша әлемдік рейтингте 45-орынға ие болды. Ауылдық жерлерді кең жолақты интернетпен ары қарай қамту үшін 2018-2022 жылдарда талшықты-оптикалық және LTE (4G) желілерін салу жоспарлануда. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы" баяндама жасады.

Бірінші кезеңде талшықты-оптикалық желілерді салу жоспарланған. Бұл 1 250 ауылдық елді мекенде (АЕМ) жоғары жылдамдықты интернет қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. 2019 жылдың аяғына дейін 685 ауыл интернет желісіне қосылады, ал 2020 жылы қалған 509 ауылды қосу жоспарлануда.

Екінші кезең барысында 2020-2022 жылдарда LTE (4G) стандартындағы мобильді желілерді және басқа технологияларды дамыту арқылы 3 143 ауылды интернетпен қамту жоспарлануда.

Осы аталған жобаларды іске асыру аясында 2020 жылдың аяғына дейін тұрғындардың саны 250 –ден асатын 880 ауыл кең жолақты интернет желісімен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, ары қарай тұрғындардың саны 50-ден жоғары 885 ауылды интернет желісіне қосу жоспарлануда. Қорытындысы бойынша. 2022 жылдың соңына дейін 5089 ауылдық елді мекен интернет желісіне қосылады.

 Ал қалған ауылдарға спутниктік байланыс арқылы Интернет желісін ұйымдастырудың техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Бұл орайда ауылдық елді мекендерді интернет желісіне қосу Ұлттық экономика министрлігімен жасалған перспективті ауылдар тізіміне сәйкес орындалатын болады.


Көзі: yunews.kz