Алтынкөл станциясының бастығы бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алтынкөл станциясының бастығы бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды

444

Smiley face

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы Алтынкөл стансасының бастығы Ж.Т.Ұнтақбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол облыстың МКД (мемлекеттік кірістер департаменті) "Алтынкөл" КБ (кеден бекеті)-нің бас маманы Е.М. Төлеевпен және тауар кассасының бастығы А.М. Стамқұловамен алдын ала сөз байласып, "Алтынкөл" КБ арқылы радиациялық фоны жоғары вагондарды кедергісіз өткізгені үшін 4 млн.324 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, Ұнтақбаев "Алтынкөл" стансасының жүк ауданының бастығы Т.П. Қалдыбаевтың көмек көрсетуімен ірі габаритті вагондарды бергені үшін 1 млн. теңгеден астам сома және жұмысқа орналастырғаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алған.

25.10.2019 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық сотының үкімімен Ұнтақбаев бірнеше рет пара алғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Осы үкіммен Төлеев пен Стамқұлованың әрқайсысы 7 жылға, ал Қалдыбаев-2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлғаларға мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.


Көзі: yunews.kz