Алматыда жасырын есірткі зертханасы жабылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда жасырын есірткі зертханасы жабылды

444

Smiley face

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын цехтың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

«Зертхана жайында екі килограмға жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде екі мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді», делінген ҰҚК хабарламасында.

Жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде зертхана жұмысын ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Дайын психотропты заттарды сату мессенджерлер және  интернет-дүкендер арқылы жүзеге асырылған.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz