ҚР ҰҚК 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолын кесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР ҰҚК 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолын кесті

444

Smiley face

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

«2019 жылдың 23 қазанында ҚР ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы аумағында 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолын кесті», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталды, оларға Қылмыстық кодекстің 283-бабы 2-бөлігі «Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу» бойынша күдік келтірілді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша, алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады, оның сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар)», - делінген хабарламанда.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық топ өкілдері радиоактивті затты ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрлаған. Басқа ақпарат сотқа дейінгі тергеу мүддесінде жария етілмейді.


Көзі: yunews.kz