Қазақстанда әрбір төртінші сатып алушы 5 миллион теңгеден қымбат емес автокөлікті таңдайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда әрбір төртінші сатып алушы 5 миллион теңгеден қымбат емес автокөлікті таңдайды

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың 9 айында қазақстандықтар 450 млрд. теңгеден астам сомаға 49 243 жаңа көлік сатып алды, деп хабарлайды Қазақстанның "Қазавтожол" автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы. Сатып алынатын жеңіл автокөліктің орташа құны 8,88 млн теңгені құрады. 

2019 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша сатып алушылардың 27,6%-ы 5 млн. теңгеден қымбат емес көлік алған. 5-тен 7 млн теңгеге дейінгі баға диапазонында техниканың бестен бір бөлігі дерлік 19,9% (9 834 бірлік) сатылды. Сатып алушылардың 14,7%-ы құны 7-ден 10 млн теңгеге дейінгі (7 215 бірлік) автомашинаның пайдасына таңдау жасады.

Бизнес- (10-15 млн теңге) және премиум-класс (15 млн теңгеден астам) сегменттері жаңа автомобильдер нарығында тиісінше 27,2% (13 406 бірлік) және 10,6% (5 211 бірлік) алды.

Ең қолжетімді жеңіл модельдердің ондығындағы позициялардың көпшілігі қазақстандық автоөндірушілерге тиесілі. Осылайша, бағасы 3,1 млн теңгеден басталатын Lada Granta баға қолжетімділігінің көшбасшысы болып табылады. Ең қолжетімді автокөліктер 10-ТОП-на   Chevrolet Niva (3,4 млн тг), Ravon Nexia (3,5 млн тг), Lada 4x4 (3,6 млн тг), Ravon R4 (4,1 млн тг), Renault Logan (4,1 млн тг), Renault Sandero (4,1 млн тг), KIA Picanto (4,8 млн тг), Renault Duster (4,9 млн тг) және JAC S3 (4,9 млн тг) кірді.

Ең қымбат модельдер рейтингінде Mercedes-Benz G-klass (63,1 млн тг), Porsche Panamera (48,9 млн тг), Jaguar I-Pace (46 млн тг), BMW 7 серия (45,3 млн тг) және Porsche Cayenne (43,2 млн тг) көш бастап тұр. Ең аз демократиялық көліктердің ондығын Audi А7/A8 (38 млн тг), Lexus LS (37,2 млн тг), BMW X7 (36 млн тг), Infiniti QX80 (34,3 млн тг) және Jaguar XJ (32 млн тг) толықтырды.


Көзі: yunews.kz