Қырғызстанның экс-премьері Исаков сотқа мәжбүрлеп жеткізілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қырғызстанның экс-премьері Исаков сотқа мәжбүрлеп жеткізілді

444

Smiley face

Бішкектегі ЖЭО жаңғырту бойынша келісім-шарт жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған Қырғызстанның Экс-премьері Сапар Исаковты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) тергеу изоляторынан сот ғимаратына мәжбүрлеп жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости Министрлер Кабинетінің бұрынғы басшысы Замир Жоошевқа сілтеме жасап.

"Ол сот оның ісі бойынша екі куәгердан жауап алғанға дейін  камерадан шығудан бас тартты. Алайда ҰҚМК қызметкерлері оған күш көрсетіп алып шығамыз деп  айтты", - деп мәлімдеді адвокат.

Жоошевтің айтуынша, сотталушы Исаков айдауыл бөлмесінен шығудан да бас тартады, алайда сот оны мәжіліс залына мәжбүрлеп әкелуге қаулы етті.

"Әкелу айдауылға жүктелген. Отырыс түстен кейін жалғасады", - деп нақтылады  ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан астанасының барлық көпқабатты тұрғын үйлерін, балабақшаларын, мектептері мен ауруханаларын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ететін Бішкектің жалғыз ЖЭО-дағы апат 2017 жылдың қаңтарында орын алды.

Республика астанасын жылумен қамтамасыз етудің қалыпты режимін жаңа блок іске қосылғаннан кейін бір апта өткен соң ғана қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Қырғызстандағы апаттан кейін ЖЭО-ны жаңғыртуға қатысты дау-жанжал туындап, ол Қытай кредитінің қаражатына жасалып, 386 миллион долларға жетті. ЖЭО бойынша келісім-шарт жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер, соның ішінде Исаков қамауға алынды. Кейінірек ЖЭО жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген  айыптау экс-президент Алмазбек Атамбаевқа да тағылды.

Бұған дейін бұрынғы президент Атамбаев та қылмыс әлеміндегі беделді тұлға Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша алдын ала тыңдауларға қатысудан бас тартқан еді. Ол уақытша абақты камерасынан шықпай қойды. Мемлекеттің бұрынғы басшысына күш қолданылған жоқ. Ол кезде сот тыңдауларды оның қатысуынсыз өткізуге қаулы етті.


Көзі: yunews.kz