Қазақстанда көлікті мас күйде немесе басқару құқығынсыз жүргізу үшін жаза қатайтылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда көлікті мас күйде немесе басқару құқығынсыз жүргізу үшін жаза қатайтылады

444

Smiley face
 

Қазақстанда көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғандар немесе көлік басқару құқығынан айырылғандар үшін жазаны қатаңдату жоспарлануда.

"Біздің азаматтарымыз көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқаратын,  немесе жүргізушілер белгілі бір құқық бұзушылық үшін құқықтарынан айырылғаннан кейін де көлікті басқару жағдайлары жиі кездеседі. Осыны ескере отырып, біз осы баптар бойынша шараларды, санкцияларды қатаңдату мүмкіндіктерін зерделеп, басқа елдердің - Ресей, Беларусь заңнамасын қарайтын боламыз. Беларусь заңнамасында автокөлікті белгілі бір құқық бұзушылықтан кейін басқаруды жалғастырғаны үшін көлікті тәркілеу көзделген. Біз шамамен осындай жолға келеміз. Біз белгілі бір құқық бұзушылықтар бойынша санкцияларды қатаңдатамыз, ең алдымен бұл, құқық бұзушылық жасаған, мас күйінде басқарған және жүргізуші куәлігінен айырылған басқа да адамдарға қатысты", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Бұл сұрақтардың барлығы мұқият талданып, пысықталатын болады. Марат Қожаевтың айтуынша, жазалау шарасы жасалған құқық бұзушылыққа барабар болуы тиіс.


Көзі: yunews.kz