Алматыда балабақшадан бала ұрламақшы болған тәрбиеші сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда балабақшадан бала ұрламақшы болған тәрбиеші сотталды

444

Smiley face

Фото Алматы қ. ПД

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың шілде айында Алматыда бет-әлпетін жасырған әйел өзін баланың туысқанымен деп таныстырып, балабақшадан бес жасар баланы ұрламақ болған. Қырағы тәрбиеші одан күдіктеніп сұрақ қоя бастағанда, ол тез кетіп қалған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында ұрлаушы адамның жеке басы анықталды — ол осы балабақшаның 30 жастағы тәрбиешісі Саягүл Жаңалық болып шықты. Бірнеше күннен кейін әйел Алматы облысындағы ата-анасының үйінде ұсталып, Алматыға жеткізілді. Жауап алу кезінде ол полиция қызметкерлеріне баланы құн төлеп босату мақсатында ұрлағысы келгенін түсіндірді — Жаңалық баланың ата-анасын таниды және олардың материалдық жағдайы туралы біледі.

Сотта Саягүл Жаңалық кінәсін мойындап, баланың ата-анасынан кешірім сұрады. №2 Медеу аудандық соты оны ҚР Қылмыстық Кодексінің 24-бабы 3-тармағы (Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекет ету) және 125 бабы 2 тармағы (Адам ұрлау) бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.


Көзі: yunews.kz