Қарағанды облысында жеделсатылар жөнделеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында жеделсатылар жөнделеді

444

Smiley face

Алдағы екі жылда өңірдегі барлық жұмыс істемейтін және апаттық жағдайдағы жеделсатылар жөнделуі тиіс. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аппараттық жиында осындай тапсырма берді.
Облыстағы көпқабатты үйлерде 1 341 лифт орнатылған. Олардың көбісінің жұмыс істеп тұрғанына 25 жылдан асқан, бұл нормативтік мерзімнен жоғары. Облыста 361 жеделсаты жұмыс істемейді – бұл тым көп. ТҮКШ модернизациялау бағдарламасына сай, 2011-ші жылдан бастап бүгінге дейін 102 жеделсаты орнатылды, бірақ оладың кейбірі жұмыс істемейді. Осы мәселені шешу керек, - деді аймақ басшысы.

Ол ТҮКШ модернизациялау және датымудың қазақстандық орталығымен келісімге келгенін мәлім етті. Компания қайтарымды негізде екі миллиард теңге бөлуге дайын.

Жеңіс Қасымбек әкімдерге азаматтармен кездесуді және бірінші кезекте жөндеу мен ауыстыруды қажет ететін жеделсатылар бар үйлер тізімін құруды тапсырды.

Барлығы 2020 және 2021 жылдары өңірде 186 жаңа жеделсаты орнату жоспарлануда. Олардың 84-і Қарағандыда, 86-сы Теміртауда, үшеуі Балқашта және төртеуі Жезқазғанда. Сондай-ақ жаңа жеделсатылар Саранда, Сәтбаевта, Абайда және облыстың басқа да қалаларында пайда болады.


Көзі: yunews.kz