Алматы облысында қарақшылықпен айналысқан топ ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы облысында қарақшылықпен айналысқан топ ұсталды

444

Smiley face

Фото Алматы облысының ПД

24 қазанда Кербұлақ ауданының полиция бөліміне «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісі белгісіз біреулердің өзін тонап кеткені туралы шағымданған. Тексеру барысынды жүргізушіні үш белгісіз тұлға Алматы-Өскемен тас жолының 126 шақырымында тонағаны анықталды, деп хабарлайды Алматы облысының ПД баспасөз қызметі. Үш азамат кастетпен қорқыту арқылы жәбірленушінің 105 мың теңге ақшасын, ұялы телефоны мен жеке сөмкесін иемденген.

«Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу арқасында күдіктілерді жылдам анықтап, қолға түсірді. Олардың бірі Қарасай ауданының 32 жастағы тұрғыны болса, қалған 2 азамат 25 және 32 жастағы Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің екеуі бұрын тонау және ұрлықпен айналысқаны үшін сотталған.  Және де, үш азаматтың бірі жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол жүргізушінің бағытын біліп, екі күдіктіні қылмыс орнына өз көлігімен жеткізген», - деп айтып берді Алматы облысының ПД баспасөз қызметінде.  

Тәркіленген ұрланған заттардың бір бөлігі іс материалына айғақты заттар ретінде тіркелді.

«Қазір күдіктілер қамауға алынып, олардың біздің өңір аумағында тіркелген басқа да ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда”, - деп толықтырды облыстық полицияда.


Көзі: yunews.kz