Полиция қызметкерін көлігімен 50 метрге дейін сүйреп, патрульдік арнайы автокөлікті қағып кетіп, ізін суытты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Полиция қызметкерін көлігімен 50 метрге дейін сүйреп, патрульдік арнайы автокөлікті қағып кетіп, ізін суытты

444

Smiley face

Алматы облысында полицейлерге қасақана бағынбаған және патрульдік автокөлікті қағып кетпек болған 52 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

26 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылы арқылы өтетін "Алматы-Көкпек-Көктал" автожолының учаскесінде "Мерседес Бенс" автокөлігін қалдырып кеткен, оны кәмелетке толмаған тұлға басқарған. Көп ұзамай тергеу орнына шетел автокөлігінің иесі келіп, ешқандай түсініктеме берместен оқиға орнынан жасырынуға тырысты.

"Полиция қызметкері жүргізушінің іс-әрекетіне кедергі келтірмек болған, бірақ ол инспекторды өзінің автокөлігімен 50 метр жерге сүйреп әкетіп, арнайы патрульдік автокөліктерді соғып, ізін суытқан. 52 жастағы жергілікті тұрғын болып  шыққан күдікті анықталып, ұсталды және полицияға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 379-бабында көзделген "Билік өкіліне бағынбау" бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Күдіктінің іс-әрекетінен зардап шеккен полиция офицері медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қызметін қалыпты режимде жалғастырды.

"Автокөлікті басқаруға рұқсат құжаттары жоқ болған кәмелетке толмаған тұлғаға әкімшілік жауапкершілік қаупі төніп тұр. "Мерседес Бенц" автокөлігі алынып, арнайы тұраққа қойылды", - деп толықтырды полицияда.


Көзі: yunews.kz