Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде сақтап қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде сақтап қалды

444

Smiley face

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыздық дәлізді +/- 1 п.т. деңгейінде сақтай отырып, базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қыркүйек айында Ұлттық банк проинфляциялық қысымның артуы аясында базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25%-ға дейін көтерді.

Хабарламада айтылғандай, қыркүйек айында 5,3% құраған нақты жылдық инфляция Ұлттық банктің бұрынғы болжам қорытындысы бойынша жасалған бағаларына сәйкес қалыптастырылады. Халықтың инфляциялық күтулері нақты инфляция деңгейіне жақын келеді.

Ұлттық банктің бағалауынша, 2019 жылдың соңына қарай Қазақстандағы инфляция 5,7-5,8% құрайды, яғни 4-6% нысаналы дәліз ішінде қалады.

"2020 жылдың соңына дейін инфляция реттелетін қызметтер мен азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне бағалардың серпініне байланысты инфляциялық тәуекелдердің болуына қарамастан 4-6% нысаналы дәліз ішінде сақталады",- делінген баспасөз хабарламасында.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдерді Ұлттық банк қалыптасқан және болжанатын инфляция динамикасын ескере отырып қабылдайтын болады. Кезекті шешім 2017 жылдың 9 желтоқсанында жарияланады.


Көзі: yunews.kz