Курсанттар экологиялық акцияға қатысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Курсанттар экологиялық акцияға қатысты

444

Smiley face

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды аталған жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Әскери институт бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков пен Әуезов ауданының әкімі Сайран Зайфедденов өздері де ағаш отырғызып, өзгелерге өнеге көрсетті.

Әскери оқу орнының бастығы Әскери институт курсанттары осындай игі іске ие белсене қатысқандарын атап өтті.

Smiley face

«Біздің қаланың экологиясын жақсарту мақсатында аудан әкімдігімен бірлесіп, ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Бұл эко-акция жастарды патриоттық тәрбиелеу ісінде маңызға ие шара болып табылады. Өйткені, ол туған жерге сүйіспеншілікпен және ұқыпты қарауға үйретеді. Екіншіден, бұл шара қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосады» деп атап өтті әскери оқу орнының бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабеков.


Көзі: Yunews.kz