Петропавлда оқушы жасөспірім аулада тұрған автомобильдерді монтаждық көбікпен бояп тастаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлда оқушы жасөспірім аулада тұрған автомобильдерді монтаждық көбікпен бояп тастаған

444

Smiley face

Партизанская көшесіндегі үйдің тұрғындары таң қалды.  Далаға шыққан жүргізушілер олардың көліктерін түнде біреулер монтаждық көбікпен бояп кеткенін көрген.  Қаскүнем біраз әрекет еткен көрінеді.  Жақын орналасқан автокөліктердің барлығы герметикалық құралмен боялған.  Кейін полицияға 12 автокөлік иесінен арыз түскен.

«Түнгі бояушы» 15 жасар жасөспірім болып шықты.

«Аулаларды аралау барысында бейнебақылау камераларынан жазбаларды зерделегеннен кейін 2004 жылы туылған Мағжан Жұмабаев ауданының кәмелетке толмаған тұрғыны ұсталды.  Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық жағдайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу тобының жұмысы жалғасуда», - деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факт ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.


Көзі: Yunews.kz