Атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалай көрсетілетін болады? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалай көрсетілетін болады?

444

Smiley face

Алайда, АӘК тағайындаудың жаңа тетіктері әрбір отбасына жеке көзқарасты көздейді. Негізгі қағидат - мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға көмектесетін болады.

Атаулы әлеуметтік көмек – бұл жәрдемақы емес, қиын өмірлік жағдайға тап болған, аз қамтылған отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға және олардың дағдарыстан шығу үшін ресурстарын ынталандыруға бағытталған азаматтарды мемлекеттік қолдау.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын орындау үшін жаңа механизмдер әзірленді. Ол келесіні қарастырады:

- АӘК көрсетуге арналған қолданыстағы шекті өлшемдерді сақтау. Яғни, жан басына шаққандағы орташа табысы аймақтың ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - нан кем болатын аз қамтылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға үміткер бола алады;

- АӘК мөлшері отбасының барлық мүшелері үшін орташа жан басына шаққандағы табысы мен кедейлік шегіарасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Осылайша, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға төменгі күнкөріс деңгейінің 70% көлемінде бекітілген төлемнен бас тарту жоспарлануда.;

- АӘК алатын еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыс істеуі тиіс. Оларды жұмысқа орналастыру үшін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері пайдаланылатын болады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлеу тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады;

- АӘК әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін азаматтардың тоқсан сайынғы өтініштерін қайтару ұсынылады. Бұл қосымша құжаттарды жинауды талап етпейді. АӘК тағайындау үшін мемлекеттік органдардың деректер қорында толық мәліметтер болған жағдайда тек жеке куәлігін көрсету қажет;

- отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімін 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайту. Қазіргі уақытта ҚР ЕХӘҚМ мұқтаждықты анықтау критерийлері әзірленуде. Отбасы белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеген жағдайда учаскелік комиссия АӘК көрсетуге мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытынды шығарады, бұл уәкілетті орган тарапынан оны тағайындаудан бас тарту үшін негіз болады.

Қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына жіберілді.

Еске саламыз, Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерімен қатар АӘК төлеу тетіктерін түзету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда барлық көп балалы отбасылар үшін олардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы және табысы аз отбасылардан шыққан балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізіледі.


Көзі: Yunews.kz