«Қазақфильм» тәуелсіздік жылдары жасаған мультфильмдерді желіден көруге болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Қазақфильм» тәуелсіздік жылдары жасаған мультфильмдерді желіден көруге болады

444

Smiley face

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ресми YouTube-арнасында мультфильмдер қолжетімді болды, деп хабарлайды киностудияның ресми сайты. Бүгінде қазақстандық анимация ел ішінде де, шетелде де үлкен қызығушылық тудыруда. Бұл, әрине, жақсы.

Шетелдік мультфильмдерден кем түспейтін аниматорлардың жұмыстары халықаралық фестивальдарға үнемі қатысады. Белгілі болғандай, қыркүйек айының ортасында киностудия аумағында қазақ киносының мұражайы ашылды. Осы тарихи оқиғаның құрметіне аниматорларға қазақ мультипликациясының дамуына қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар берілді - бұл 500 теңге номиналды күміс монета және қазақ анимациясының 50 жылдығына арналған тақырыптық бренд.

«Анимация - стратегиялық маңызды және керемет қызықты қызмет саласы. Әрбір көрермен біз үшін маңызды. Бірақ, балалар осы салада жасалған жұмысты барынша әділ бағалай алады», деді «Қазақфильм» АҚ Президенті Арман Асенов.

Сондай-ақ, киностудия басшысы биылғы жылы Қазақ анимациясына арналған маркалар сериясы шығарылмақ. «Қазақфильм» киностудиясы алдағы уақытта қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерді, оның ішінде қазақ кинематографиясының классигі Шәкен Аймановтың толық фильмографиясын ресми YouTube-арнасында ашық тегін пайдалануға ұсынуды жоспарлап отыр.


Көзі: Yunews.kz