444
Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) тұрақты чемпионатының аясында астаналық «Номад» командасын ұтты. Ойын Қарағандыда өтіп, алаң иелерінің жеңісімен 2:1 есебімен аяқталды.
Жеңімпаздар құрамында Александр Реков (18-ші минут) және Дмитрий Михайлов (47-ші минут) көзге түсті. «Номад» командасынан Валентин Разумняк (21-ші) гол салды.
Осы жеңістің арқасында «Сарыарқа» 21 ұпай жинап, турнирлік кестеде 15-ші орынға көтерілді. «Барыстың» фарм-клубы болып табылатын «Номад» 14 ұпаймен 28-ші орында келеді.
Көзі: Yunews.kz