Алматы облысында полицейлер жүргінші-оқушы сұлбасының макетін сындырған бұзақыны ұстады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы облысында полицейлер жүргінші-оқушы сұлбасының макетін сындырған бұзақыны ұстады

444

Smiley face

Құқық бұзушылық фактісі Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген, онда 25 қазанға қараған түні Азат ауылында белгісіз тұлға жаяу жүргіншілер жолында орнатылған мектеп оқушысының макетін аяқпен теуіп сындырған. Бұзақының іс-әрекеті көшедегі бейнекамерада жазылған, және бұл  "жабайылық" туралы жазба  әлеуметтік желілерде тез тарап, ғаламтор пайдаланушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД.

Бұзақылық фактісін тіркей отырып, Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері жедел-іздестіру шараларын бастады, оның барысында күдіктінің жеке басы анықтады. Ол көрші Рахат ауылының 19 жасар тұрғыны болып шықты.

"Күдіктіні жергілікті учаскелік инспекторлар анықтап, ұстады. Күдікті өзінің әрекетіне өкінетіндігін айтып, жұртшылықтан кешірім сұрады. Қазір келтірілген шығын осындай макетті дайындауға тапсырыс беріп, өтелді",- деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған құқық бұзушы ҚР ӘҚБК-нің 434-бабына сәйкес «Ұсақ бұзақылық» үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 


Көзі: yunews.kz