Мызғымас бауырластық - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мызғымас бауырластық

444

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

Тәжікстандағы ресми сапарының жалғасы барысында ҚР Қорғаныс министрі «Мызғымас бауырластық - 2019» ҰҚШҰ бітімгерлік күштері оқу-жаттығуының белсенді фазасы өтіп жатқан Душанбе қаласынан 170 шақырымда орналасқан «Харб-Майдон» полигонына келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс ведомствосының басшысы бөлімшелердің үйлесімділігіне, әскери қызметшілердің кәсіби біліктіліктеріне баға берді. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша ұйымдастырылған бандылық топтар Ауғанстан жағынан Тәжікстан шекарасын жарып өтіп, республиканың шекара отрядтарымен ұрысты бастады. ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері халықаралық терроризмге қарсы күрес және Орталық Азия стратегиялық бағытында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен операцияны табысты өткізді.

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде бітімгерлердің қызметіне қатысты: аймақты күзету, өткізу-бақылау пунктеріндегі қызметті ұйымдастыру, колонналарға ілесіп жүру кезінде жеке құрамның іс-әрекеті, елді мекенді бұғаттау және басқада тікелей қызметтеріне қатысты мәселелерді қамтитын бейбітшілікті сақтау бойынша сұрақтар қаралды.

Қазақстаннан практикалық іс-әрекетерде Бірлескен бітімгерлік күштерідің құрамында Құрлық әскерлерінің бөлімшелері, оның ішінде бітімгерлік ротасы, сонымен қатар Әуе қорғаныс күштерінен – Су-30 СМ жойғыштар бөлімі қатысты. Әскери авиация оқу-жауынгерлік міндеттерін орналасу әуеайлағынан орындады.

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

Учения «Нерушимое братство-2019» ҰҚШҰ елдерінің Орталық Азия қауіпсіздік бағытындағы оқу-жаттығуларының тұтас  топтамасының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ұйымның алты елінің: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттерінің ұжымдық бірлескен әрекеттері. Бұдан басқа, ҚР Қорғаныс министрінің Тәжікстанға сапарының маңызды бөлігі тәжік-ауған шекарасын қорғау бойынша қызмет атқару кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалға барып, гүл шоқтарын қою болды. Бұдан басқа, министр ТР Қорғаныс министрлігінің Әскери институты мен Кохи Навруз тарихи сарайын аралады.


Көзі: yunews.kz