Шымкентте такси жүргізушісі бопсалаушылардан қашып, автокөлігін тастап кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкентте такси жүргізушісі бопсалаушылардан қашып, автокөлігін тастап кеткен

444

Smiley face

Қазығұрт АПБ-не Шымкент қаласындағы такси парктерінің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтін Ордабасы ауданының тұрғыны арызданған. Жәбірленуші екі жас жігіт оны ұрып-соғып, 600 мың теңге бопсалағанын, ақша бермеген соң оның көлігін алып кеткенін айтты. Полиция қызметкерлері анықтағандай, күдіктілер таксистің қызметін пайдаланып, оларды Қазығұрт ауылына апаруды сұраған.  Жол бойында такси жолаушылары жүргізушіге пышақ тіреп, одан ақша талап еткен. Қалағанын ала алмаған соң бопсалаушылар жәбірленушіге айбат көрсете бастаған. Сәтін тауып машинадан секіріп шығып қашқан жүргізуші полиция бөліміне жетіп, оқиға туралы хабарлады.

"Қылмысты ашу үшін Қазығұрт АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кірісті. Полиция қызметкерлері қажетті іс-шаралар кешенін өткізіп, жәбірленушіден және басқа да куәлардан жауап алды. Күдіктілердің бет белгілерін алып, жедел уәкілдер ұрланған автокөлікті іздестіруге кірісті.  ЖІШ нәтижесінде, Қазығұрт АПБ-нің полиция қызметкерлері оқиға орнынан 40-50 шақырым жерде көрші Сарыағаш ауданында жәбірленушінің автокөлігін тапқан. Одан әрі іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Астана жолында Қордай кентінде күдіктілердің бірін қолға түсірді. Ал екінші күдікті Шымкент қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінде табылды. Ұсталғандардың екеуі де Сарыағаш ауданының жұмыссыз тұрғындары  болып шықты", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 194-бабы "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.


Көзі: yunews.kz