Қазақстандық санавиация Дубайдағы емханада жатқан 2 жасар ұл баланы елімізге жеткізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық санавиация Дубайдағы емханада жатқан 2 жасар ұл баланы елімізге жеткізді

444

Smiley face

ҚР Сыртқы істер министрлігіне  биыл қазанда  Қазақстан азаматы Дубай қаласындағы "Latifa" клиникасында жасанды тыныс алу аппаратымен демалып  жатқан 2 жасар баласын санавиациямен  елге жеткізуді сұрап,   өтініш жазған.

Бала 15 қазан күні Дубай қаласында бассейннен ес-түссіз табылған еді. Кішкентай науқасқа шұғыл медициналық және реанимациялық көмек  көрсетіліп,  жүрегінің  қызметі қалпына келтірілді. Шетелдік дәрігерлер пациенттің жағдайын өте ауыр деп бағалаған  және бала 3 дәрежелі күрделі комаға түскені анықталды.

Азаматтың өтінішін арнайы комиссия қарағаннан кейін, сондай-ақ, пациентті авиакөлікпен  тасымалдауға болатынын растайтын қағазды  алғаннан соң, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен бірлесіп пациентті санавиациямен  елге жеткізді.

27 қазанда санитарлық авиацияның мобильді бригадасымен бірге кішкентай пациент мамандандырылған әуе кемесінде Отанына оралды. Арнайы бригада  Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына сағат 10:40 қонып, әрі қарай ем алу үшін бала  реанимобильмен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді.

Биыл  9 айдың  қорытындысы бойынша шетелдерде  ауыр жағдайда жатқан Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін  санавиация ұшағы 16  рет көкке көтерілді. Шетелдік медициналық мекемелерден, жалпы 69 ел азаматы тасымалданды.


Көзі: yunews.kz