Шымкенттің базарында ұрланған малдың еті сатылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкенттің базарында ұрланған малдың еті сатылды

444

Smiley face

Арыс АПБ-не бірінші болып жергілікті тұрғын жүгінді және ол еркін жайылымнан малы жоғалғанын мәлімдеді. Осыған ұқсас арыздармен полицияға тағы ондаған жәбірленушілер жүгінді. Аталған фактілер Арыс АПБ СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты.

Арыс АПБ-де мал ұрлығы фактілерін ашу үшін аса тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кірісті. Сондай-ақ, мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында ауданда жергілікті тұрғындар арасынан ерікті көмекшілер отрядтары құрылды. Осындай жасақтардың бірі жайылымдарда күдікті автокөлікті байқап, бұл туралы полицияға хабарлады

 "Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері қылмыскерлердің біреуіне тиесілі иесіз қалған автокөлікті мұқият тексеріп шықты. Жайылымдар маңында және көлік салонында полиция қызметкерлері айғақты заттар тауып, оларды сараптамаға жіберді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері автомашина арқылы күдіктілердің ізіне түсті. Осылайша, кәсіби дағдылардың және жинақталған тәжірибе арқасында тәртіп сақшылары ұрлықтарды біртіндеп аша бастады. Жедел уәкілдер алдымен автокөлік иесін, содан кейін оның екі сыбайласын ұстады. Анықталғандай, күдіктілер мал ұрлығын жасаған қылмыстық топқа кірген.

Мал ұрлаушылар Қазығұрт және Арыс аудандарының арасында орналасқан жайылымдарда әрекет еткен, ұрланған малдарды сойып, одан кейін өз автокөлігімен Шымкент қаласына апарып, одан кейін оны қалалық базарларда сатқан", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, күдіктілер Қазығұрт, Арыс аудандарының және Шымкент қаласының тұрғындары болып табылады. Сондай-ақ, жедел уәкілдер ұрланған затты сатып алатын адамды қолға түсірді. Қылмыстық топ Қазығұрт ауданындағы 12 мал ұрлығына, Сарыағаш ауданындағы 7 мал ұрлығына және Арыс ауданындағы 10 мал ұрлығына қатысты болған. Айғақты зат ретінде балта, пышақ және күдіктілердің екі автомашинасы алынды.

Қазіргі уақытта полицияға осы қылмыстық іс шеңберінде ауыл тұрғындарынан арыздар келіп түсуде. Тергеушілер қылмыстық топ облыс аудандарында жасалған мал ұрлығының басқа да фактілеріне қатысы бар екендігін жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта тергеу-жедел шаралары жалғасуда.


Көзі: yunews.kz