Атырауда бір сарбаз менингиттен көз жұмды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда бір сарбаз менингиттен көз жұмды

444

Smiley face

Қызылорда облысынан келген сарбаз №2016 әскери бөлімінде (шекара қызметі) қызмет етті. Жас жігіт әскери бөлімге 16 қазан күні келген, ал он күннен кейін ол ауыр күйде Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жүргізілген клиникалық-зертханалық зерттеулер, салалық мамандардың кеңестері барысында әскери қызметшіге менингококк инфекциясының күрт асқынатын түрі деген диагноз қойылған.

«Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүргізілген интенсивті терапияға қарамастан, ол 5 сағаттан кейін қайтыс болды», - деп мәлім етті Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Осыдан кейін әскери бөлімге арнайы комиссия келіп, дәрігерлер барлық әскери қызметшілерді тексерді. 130 адамның 54-інде ЖРВИ ерте сатысы анықталды. Олардың барлығы ем алды және қазіргі уақытта медициналық бақылауда.

"Дәрігерлер әскери бөлімнің эпидемияға қарсы алдын алу шараларын жүргізді. Қайтыс болған әскери қызметшінің қызметтестерінен сұрастыру кезінде соңғы күндері оның мазасыздануы, жөтел байқалғаны белгілі болды. Алайда жас жігіт дәрігерлерге соңғы сәтте ғана - 26 қазанда жүгінген. Менингококк инфекциясының инкубациялық кезеңі 2-10 күнді құрайтындықтан, сарбаз әскери бөлімге ауырып келгеніне сенімдіміз", - деді Атырау облысының штаттан тыс эпидемиологы Гүлжамал Таубаева.

Эпидемиологтар менингококк инфекциясы туралы ақпаратты теміржол көлігіндегі медициналық қызметтерге, сондай-ақ Қызылорда облысы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жіберді.


Көзі: Yunews.kz