Жеңіл табыс көзін тапқан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жеңіл табыс көзін тапқан

444

Smiley face

Зардап шегуші бірнеше күн бұрын құқық қорғау органдарына оған қоқан-лоқы жасап жүрген адамдар туралы айтып берді. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар осы жылдың 1 қазанынан бастап оған қоңырау шалып, ол туралы  жағымсыз мәліметтерді әлеуметтік желілерде жариялаймыз деп қорқытқан. Және ауызбастырық  ретінде 700 мың теңге сұраған, тек сол кезде ғана олар «ештеңе айтпаймыз» деп уәде берген. Айта кететіні, өтініш беруші туралы мәліметтер  шын мәнінде оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін еді.

Нәтижесінде, жедел уәкілдер Ақтөбе облысы ПД-ның ӘБАЖ тарта отырып, 600 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат беріп жатқан кезде екі ер адамды құрықтады. Олардың бірі Темір ауданының тумасы, екіншісі - қала тұрғыны. Тексеру барысында жәбірленушіден алынған ақшалай қаражат және қылмыстық іс бойынша маңызы бар өзге де заттай айғақтар алынды. Аталған тұлғалар үшін бұлтартпау шарасы - "Ешқайда кетпеу туралы қолхат".

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: Yunews.kz