Павлодар полицейлері қала жатақханаларынан 21 адамды учаскеге жеткізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодар полицейлері қала жатақханаларынан 21 адамды учаскеге жеткізді

444

Smiley face

Фото Павлодар қ. ПД

"Учаске" жедел-алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 25 жатақханасы бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Павлодар қаласының ПД баспасөз қызметі.

Қалада барлығы 57 жатақхана орналасқан. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары және Павлодар қаласы ПБ өзге де қызметтерінің қызметкерлері жатақханалардың бөлмелерін аралады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ және Бас прокуратурасының есептері бойынша тексеріс жүргізді.

Smiley face

Фото Павлодар қ. ПД

Тексеру нәтижесі бойынша 21 адам учаскелік полиция пункттеріне жеткізілді, 10 адам ІІБ-ға профилактикалық есепке қойылды.

41 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 27 тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру фактісі, 5 қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болу фактісі, 6 жеке қоғамдық орындарда темекі шегу фактісі, 3 абаттандыру ережелерін бұзу фактісі.


Көзі: Yunews.kz