ШҚО тұрғыны қызын зорлап, артынан өзіне қол жұмсаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО тұрғыны қызын зорлап, артынан өзіне қол жұмсаған

444

Smiley face

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны полицияға кәмелетке толмаған баланы зорлау туралы арызданған. 

"Анықталғандай, әйелмен бірге тұратын еркек мас күйінде баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, олардың кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскен", - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Шемонаиха ауданында 29 жастағы күдіктінің орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары өткізілді. Іздеу нәтижесінде күдікті тұлға өлі табылды. Болжам бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсап, асылып қалған. Тергеу шаралары жалғасуда, сараптама тағайындалды.


Көзі: Yunews.kz